Ақтөбелік 3 оқушы ана атанды

Ақтөбелік 3 оқушы ана атанды

Ақтөбелік 3 оқушы ана атанды
ашық дереккөзі

Мектеп оқушыларының ана атанып, некесіз сәбилердің дүниеге келу оқиғалары бір кездері кең етек алған еді. Мектептегі тәрбие жұмыстарын мықтап жолға қоюдың арқасында кейінгі уақытта мұндай деректер сирей бастаған. Алайда «Ақтөбе Таймс» таратқан ақпарат қуануға әлі ерте екенін ұқтырды: Ақтөбеде 10 сыныптың үш оқушысы нәрестелі болған. Бір оқушының анасын перзентханадағылар баланы алып кетуге көндірсе, қалғандары сәбилерінен бас тартыпты. Немересін алғысы келмегендердің бірі материалдық жағдайды сылтау етсе, екіншісі нәресте үздік оқитын баласының болашақта мансап қууына кедергі болатынын айтқан көрінеді. Хромтаулық бойжеткен баласын өзімен қалдыруға рұқсат бергенде қатты қуаныпты. Тіпті, қуаныштан көзіне жас алған. Өйткені оқушының анасы алғашқыда немересінен бас тартқысы келген. Алайда «Ана үйі» (Дом мамы) қорының қызметкерлерімен әңгімелескеннен кейін, сәбиді алатын болып пікірін өзгерткен. «Хроматудағы әйел 10 сыныпта оқитын баласының аяғы ауыр екенін білгенде, түсік тастатуға кеш болды. Олар Ақтөбенің “Жанұяны жоспарлау орталығына” және өзге де орталықтарға жүгінгенімен, үлкен мерзімде жүктілікті тоқтатуға ешкім келісім бермеген. Баланы туа салысымен оқушы одан бас тартатынын мәлімдеп, Хроматуға қайтқан. Бұл жағдайды ести салысымен, біз оқушының анасымен кездестік. Әйел үш баласы барын, отбасының жағдайы төмен екендігін алға тартты. Дегенмен, оны райынан қайтара алдық. Немересін алуға қызымен келгенде, оқушы сәбиді құшағына алып, қуаныштан жылаумен болды. Сәбидің әжесі көршілері мен таныстарының сөздеріне мән бермейтіндігін айтты», – дейді «Ана үйі» қорының директоры Таңсұлу Лақова. Ана атанған өзге екі оқушының ата-анасы немерелерінен бас тартып, перзентханада қалдырып кеткен. Шалқар қаласындағы оқушының анасы 6 баласы бар екенін, тағы бір баланы бағып-қағуға шамасы келмейтінін айтып ақталған. Ал ақтөбелік бойжеткеннің анасы болашақта мансап қуғысы келетін қызына нәресте кедергі болатынын алға тартыпты.