«Алматы – Астана» бағытындағы пойыз ұлттық нақышта безендірілді

22 наурыз, 2025 / Алуа Арман
gov.kz
Этностильде безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін қатынайды

Мереке күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты.

Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды. Сондай-ақ музыкалық бағдарлама ұсынылып, жолаушыларға наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.

Этностильде безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін қатынайды.

Тэгтер:

Пойыз