Александр Бублик Майами мастерс турнирін сәтті бастады

20 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Отандасымыз әлемнің 13-ракеткасымен кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 80-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 36-ракеткасы, аргентиналық Себастьян Баэспен өткізді.

Қарсыласының ATP рейтингісінде жоғары тұрғанына қарамастан, Бублик сәтті ойнай білді. Есеп — 6:3, 6:4.

Александр Бублик үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полмен шеберлік байқастырады.

Тэгтер:

Александр Бублик теннис