Қазгидромет қай өңірде ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

20 наурыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Бүгін еліміздің бес қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 20 наурызда Қарағанды, Балхаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.