Эстрада жұлдызы жұбайымен бірлесіп, әкесіне темір тұлпар тарту етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әкемізге жұбайым Айнамкөз екеуіміз отбасымыздың атынан тосын сый істедік. Оған су жаңа көлік алып бердік. Әке-шешеге жасаған құрмет, кейін өз алдымыздан шығады. Сондықтан осындай жақсылықтар сіздерге де жұғысты болсын», – деді Серік Ибрагимов.
Еске салайық, бұған дейін Серік Ибрагимов өзіне 100 млн теңгеге сыйлық жасағаны жайында жазған едік.