Астанада автокөлік орталығынан арыстанның күшігі табылды

19 наурыз, 2025 / Админ
polisia.kz
Күшік тәркіленді. Жақын арада зообаққа жіберіледі.

Астанадағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін орталықтан арыстанның күшігі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін тапты.

27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды техникалық қызмет көрсету орталығының қосалқы бөлмесінде ұстаған.

Арыстанның күшігі тәркіленді. Жақын арада зообаққа жіберіледі.

Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.