Ақмола облысындағы аудандық білім бөлімінен 22 млн теңге жымқырылған

19 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.

Аудан прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, білім бөлімінде қызметкерлер үшін жалған сыйаққы желеуімен 22 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықтады.

Аудан прокуратурасымен аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, тергеу облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырылды.             

Тэгтер:

Ақмола облысы жымқыру білім бөлімі