Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

18 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.