Ақтауда жасырын есірткі зертханасы анықталды

18 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz
11 наурызда Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 52 жастағы ер адам ұсталды.

Ақтауда «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады.

11 наурызда Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 52 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды.

Анықталғандай, күдікті сол қоймада есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсірген.

Жиһаз цехының қойма ғимаратын тексеру кезінде мына заттар тәркіленді:

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің құрамында есірткі заттары бар. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тэгтер:

Есірткі Ақтау зертхана