Алматы облысында темір жол бойында адам денесі табылды

18 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Қайғылы оқиға оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының «Шамалған-Ақсенгір» станциялары аралығында болған.

Egovpress телеграм-арнасында темір жол бойында адам мерт болғаны жөнінде видео тарады.

Көліктегі полиция департаменті бұл фактіні растады. Қайғылы оқиға оқиға 17 наурыз күні Алматы облысының «Шамалған-Ақсенгір» станциялары аралығында болған.

«Аталған факті бойынша Алматы станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департаменттен.

Тэгтер:

Алматы облысы теміржол