Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны болды

18 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды.

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін мәлімдеді.

 «18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды.

Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы су тасқыны айналма автожол