Екі облыста көлік қозғалысы шектелді

18 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Istockphoto
18 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

18 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығында( Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды.

Тэгтер:

жол