Парижге "саяхаттайды", жұмысқа қабылдайтын "сұхбаттардан өтеді": АҚШ-та сотталғандарға VR шлемдер беріле бастады

17 наурыз, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: guardian / Sam Richardson/Courtesy of Creative Acts
Бұл әдіс нәтижесін көрсетті – бір түрмеде бар болғаны 7 күн ішінде тәртіп бұзу жағдайлары 735-тен 1-ге дейін қысқарған.

АҚШ түрмелерінде сотталғандарға VR шлемдер беріле бастады.

АҚШ-та түрмедегі сотталғандарға виртуал шындық шлемдері (VR) беріле бастады. Олар күніне 4 сағат бойы бостандықтағы өмірге бейімделуді үйренеді: қала ішінде серуендейді, Парижге "саяхаттайды" және жұмысқа орналасу бойынша "сұхбаттардан өтеді".

Бұл әдіс нәтижесін көрсетті – бір түрмеде бар болғаны 7 күн ішінде тәртіп бұзу жағдайлары 735-тен 1-ге дейін қысқарған. Тіпті жалғыз адамдық камералары бар тұтас корпус жабылған.

Тэгтер:

Түрме жұмыс Париж саяхат сотталғандар