Түркістанда тарихта алғаш рет 2,5 тонна наурыз көже әзірленеді

17 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Өтетін орны: Керуен Сарай кешені.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, 19 наурыз күні Түркістанда 2,5 тонна Наурыз көже әзірленеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлім етті.

«Бұл – береке мен молшылықтың символы болған ұлттық тағамды дәріптеуге бағытталған ерекше шара. Наурыз көжені арнайы белгіленген орындарда сатып алуға болады.

 Көктемнің шуақты күнінде келіп, мерекелік көңіл-күйді бірге бөлісіңіз!

 Өтетін орны: Керуен Сарай кешені», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Түркістан мереке наурыз көже