Колледж студенттері арасында республикалық байқау басталды

17 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі
Ұйымдастырушы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ.

Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.

Мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің талантты және перспективалы студенттерін анықтау және қолдау, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрлі салалары үшін жоғары білікті мамандардың кадрлық резервін жасақтау.

Байқау үш кезеңмен өткізіледі:

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын сарапшылар: білім беру, өнер және гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бизнес, басқару және құқық, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ қызмет көрсету  бағыттары бойынша бағалайды

Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  ниет білдірген барлық студенттері қатыса алады.

Ұйымдастырушы — ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ.

Тэгтер:

Байқау Колледж студенттер Оқу-ағарту министрлігі