Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға алды

ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға алды

Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол биыл наурыздың ортасында жемқорлық жанжалына байланысты биліктен шеттетілген еді. Сот отырысы шамамен тоғыз сағатқа созылған. Прокуратура бұрынғы президентті парақорлықпен айналысты, билікті асыра пайдаланды және мемлекет құпиясын жариялады деп айыптады. Пак Кын Хе бұның барлығын жоққа шығарып отыр. Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы төңірегіндегі жанжал 2016 жылы қазанда шықты. Сол кезде бұқаралық ақпарат құралдары бұрынғы президенттің құрбысы ашқан қорға жергілікті корпорацияларды қаражат бөлуге мәжбүрлеген деп жазды. Сыбайласқан жемқорлық жанжалы Оңтүстік Кореяда халық наразылығын туғызды. Тұрғындар Пак Кын Хенің биліктен кетуін талап етті. Жақын уақытта елде президенттік сайлау өтуі тиіс.