Шаңды дауыл, қар: дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

16 наурыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
17 науразыға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 17 наурызда Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіліп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте – көктайғақ, ал күндіз оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжануда.

Тэгтер:

ауа райы болжам