Алматы облысында жол апатынан үш адам мерт болды

16 наурыз, 2025 / Алуа Арман
ulysmedia.kz
Полиция жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр

Алматы облысының Жаркент қаласы мен Шолақай ауылының арасындағы трассада жол апаты болып, үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қара жолдағы қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жаркент Шолақай трассасында бүгін болған апат. Үш адам тіл тартпай кеткен. Жылдамдықтан асырмай, абайлап жүріңіздер! Жол қателікті кешірмейді, – деп жазды желі қолданушысы.

Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік алдыңғысын басып оза бергенде жолдың қарсы бағытында келе жатқан көлікке соғылған.

Полиция жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Алматы облысы Жол апаты