Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды
Кәсіпқой бокста он жылдан бері өнер көрсетіп жүрген 28 жастағы Бурайға қарсы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді.
1bol.kz мәліметінше, кештің басты айқасы – орта салмақтағы WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен француз Анауэль Нгассаминге (14-0, 9 КО) арасындағы титулдық кездесу болмақ.
Махмұд Сабырхан бұл кеште филиппиндік Джей Фрэнсис Бураймен (13-3-1, 3 КО) жұдырықтасады. Кәсіпқой бокста он жылдан бері өнер көрсетіп жүрген 28 жастағы Бурайға қарсы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан денсаулығына байланысты Софияда (Болгария) өткен Странджа кубогіне қатыспаған еді.