Илон Маск ғарыш кемесінің Марсқа ұшатын күнін жариялады

15 наурыз, 2025 / Алуа Арман
depositphotos.com / imagepressagency
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды

Америкалық миллиардер Илон Маск Starship ғарыш кемесінің Марсқа ұшатынын жариялады.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.

“Starship Optimus-пен (гуманоид робот – ред.) бірге келесі жылдың соңында Марсқа аттанады. Егер сәтті қонса, адамдарды 2029 жылы немесе үлкен ықтималдықпен 2031 жылдан бастап жіберуіміз мүмкін”, – деп жазды Маск.

Тэгтер:

Илон Маск