Қарағанды облысында полиция қызметкері қаза тапты

14 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Полицей оқу-жаттығу кезінде көз жұмған.

Қайғылы оқиға жайлы ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкері А.Әлиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", деді министр.

Тэгтер:

Полиция Қарағанды Қаза тапты оқу-жаттығу