«Қолдан ұйымдастырылған»: Әуежайда қызды құтқарып қалған адам бар шындықты айтып берді
Бәрінің аузына қақпақ бола алмайсың
Алматы әуежайында ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайым оқиғаны «қолдан ұйымдастырған» деп айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды tyrkystan.kz.
– Әркім әртүрлі сынайды. Бәрінің аузына қақпақ бола алмайсың. Бірақ, бірі шексіз алғысын айтуда, кейбірі артқа тартып, дұрыс емес сөздер бағыттап жатыр. Ештеңе өтірік болған жоқ, менің де басым екеу емес, – деді ол әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада.
Сондай-ақ ол көптің қолдауын сезініп жатқанын атап өтті.
– Әрине, президенттің өзі қолдап, марапаттап жатқанына алғысым шексіз. Менің мақтанышым – сол қыздың аман қалғаны. Өзімді «халық қаһарманымын» деп есептемеймін, ондай мақтаныш сезімі жоқ, – деп қоса кетті ол.