ӘЧ: Назым Қызайбайдың кезекті жекпе-жегінде нокаут тіркелді (ВИДЕО)
Отандасымыз ширек финалға жолдама алды.
Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшы боксшыларының бірі Назым Қызайбай әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында 48 келідегі қазақстандық боксшы словакиялық Николь Дуриковамен кездесті. Бұл айқаста Назым қарсыласын үшінші ранудта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, 31 жастағы Назым екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016), Азия біріншілігінің жеңімпазы (2021) және Париж Олимпиадасының жүлдегері.