Жаңалықтар

Министрлік KazSat-2-мен байланыстың жоғалуын уақытша деп атады

ашық дереккөзі

Министрлік KazSat-2-мен байланыстың жоғалуын уақытша деп атады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі KazSat-2 ғарыш аппаратымен байланыстың жоғалуын уақытша жағдай деп атады. Бүгін сағат 08:22-де KazSat-2 ғарыш аппаратымен штаттан тыс жағдай тіркелді. Бүгінде KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстан Республикасында байланыс және телехабар таратудың 13 операторы қолданады, қазір олардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы уақытта Республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары спутниктің қалыпты жұмысын және байланыс операторлары желісінің жұмысын ретке келтіру үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Жүргізіліп жатқан барлық шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.