Алматыдағы тұрғын үй маңынан әйелдің денесі табылды

11 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz
Көз жұмған әйелдің жасы 25 пен 35 аралығында.

Алматыда әйел «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан секіріп, мерт болған.

Оқиға шамамен таңғы сағат 6:30-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша көз жұмған әйелдің жасы 25 пен 35 аралығында.

 «Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Тэгтер:

Алматы мәйіт