Маңғыстау облысында жедел жәрдем көлігі аударылды

11 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды

Маңғыстау облысы Жетібай-Мұнайшы тасжолында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды.

Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

«ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Жол апаты Маңғыстау жедел жәрдем көліктері