Спорт

Назым Қызайбай жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Фотоны түсірген Сали Сабиров

Ол қазақстандықтарға қуаныш сыйлауға әзір екенін айтты.

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының жүлдегері Назым Қызайбай Сербияда басталған әлем чемпионаты туралы өз пікірін ортаға салды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сербияда әлем чемпионаты басталды, жеребе тарту рәсімі өтті. Біздің команда жарысты бастап кетті, қалған қыздар дайындықтарын жалғастырып, биік белестерді бағындыруға күш салуда. Біз барлығымыз аянбай еңбек еттік, және бәрі жақсы болып, жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін. Бізге сіздердің қолдауларыңыз қажет. Әрбір қазақстандық спортшы жанкүйерлерді қуанту үшін бар күшін салады», - деп жазды Назым әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 9-20 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтеді.