Жаһан

АҚШ-та қоқыс жәшігінен 16 жастағы қыздың бөлшектенген денесі табылды

Ерлі-зайыптылар жасөспірімді өз үйлерінде өлтірген.

Флоридадан (АҚШ) келген ерлі-зайыптылар 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам онымен танысу бағдарламасы арқылы сөйлесіп, үйіне апарған. Бірнеше күннен кейін ерлі-зайыптылар бойжеткенмен жанжалдасып қалған. Оқиғаның соңы пышақтасуға дейін жеткен.

CBS сайтының жазуынша, жанжал ұрланған зергерлік бұйымдар үшін басталған.

Жәбірленушінің есімі – Миранда Корсет. Ол биылғы 24 ақпанда жоғалып кеткен. Кейінірек белгілі болғандай, 35 жастағы адам Миранданы ұрлап әкеткен. Оның есімі – Стивен Грейс. Қылмыскер өзінің сүйіктісі Мишельмен бірге тұрған.

Ерлі-зайыптылар жасөспірімді өз үйлерінде өлтіріп, денесін бөлшектеген. Қыздың дене бөлшектері Хиллсборо округіндегі қоқыс жәшігінен табылды.