Қоғам

Дина Төлепберген алғаш рет киноға түсті

сурет ашық дереккөзден алынды

Журналист өзін жаңа қырынан сынап көрді.

Ол «Малай» фильмінде журналист рөлін сомдайды, деп деп жазды turkystan.kz.

 «Кәсіби журналист ретінде кадрдың ар жағында жұмыс істеуге үйреніп кеткем, бірақ бұл жолы бәрі басқаша! “Малай” фильмінде өзімді жаңа қырынан көрсетіп, журналист рөлін сомдау мүмкіндігі бұйырды. Түсірілім алаңындағы атмосфера, әр дубльдің артында жатқан еңбек, кино әлемінің ерекше динамикасы – барлығы маған керемет әсер қалдырды. Бұл жай ғана рөл емес, бұл – экранда өз орныңды табуға жасалған алғашқы қадам», – деп жазды тележурналист әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, бұған дейін Дина Төлепбергеннің жанына батқан жағдай туралы жазған едік.