Жаһан

Белгісіз ер адам оқушыларға оқ жаудырды

Сурет: istockphoto.com

Оқиғаның себебі анықталуда.

Мәскеуде белгісіз ер адам мектеп оқушыларына тапаншадан оқ атты, деп хабарлады turkystan.kz.

SHOT телеграм арнасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында Солнцево ауданында болғанын хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, шашы тақырлап алынған ер адам 15 жастағы екі жасөспірімді көріп, қаруына жүгінген. Жасөспірімдердің айтуынша, оған ешқандай себеп болмаған. Белгісіз адам тапаншасын шығарып, тікелей олардың бастарына бағыттап оқ атқан.

Абырой болғанда, оқушылар кіреберіске қашып үлгерген. Ер адам олардың артынан кіруге тырысқанымен, темір есік оған тосқауыл болды. Қазір құқық қорғау органдары оны жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Күдікті ұсталды. Қазір ол тергеуде, ал оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.