8 наурыз мерекесінде 366 қыз дүниеге келді

10 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Istockphoto
Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді.

8 наурыз мерекесінде Қазақстанда перзентханалардың акушер-гинекологтары 764 ананы босандырды.   

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлығы 769 сәби, оның ішінде 366 қыз, 403 ұл дүниеге келді, сондай-ақ 5 егіз енді 8 наурызда туған күнін атап өтеді. 

Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала өмірге келді. Екінші орында Алматы – 76 сәби, Шымкент – 71 және республиканың астанасында 65 бала дүниеге келді.

Тэгтер:

сәби 8 наурыз 2025