"ЖИ бәсекесінен қорғанудың жолы": АҚШ-та ата-аналар балаларын кәсіптік оқу орындарына беріп жатыр
АҚШ-та ата-аналар балаларын оқу орындарына беріп жатыр.
Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, IT саласындағы мамандар балаларын ағаш ұстасы, электрик немесе креативті индустрия бағытында оқыту үшін кәсіптік-техникалық оқу орындарына жіберуде.
Сарапшылардың айтуынша, болашақта жасанды интеллект көптеген ақыл-ой еңбегін алмастырады.
«Код жазуды енді нейрондық желілер орындайды, ал сымдарды жалғау немесе шегелеу сияқты жұмыстар әлі де адам еңбегін қажет етеді», – дейді қолданбалы ЖИ саласының мамандары.
Қазір АҚШ-та кәсіптік мектептерге қабылдау қарқыны жоғарылап, тіпті кезек пайда болған. Бұрын мұндай оқу орындары колледжге түсуге қабілетсіздер үшін деп саналса, енді олар жасанды интеллекттен қорғанғысы келетіндердің басты таңдауы болып отыр.