Air Astana компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты жолаушыларға ескерту жасады

10 наурыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com
Ауа райына байланысты ескерту жасалды

Air Astana әуе компаниясы Алматы қаласынан ұшатын рейстердің кешігуі туралы жолаушыларға ескерту жасады.

“Алматыдан ұшатын рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр”, – делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс статусын Air Astana сайты арқылы тексеру ұсынылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда қалың қар жауып тұр.

Тэгтер:

ауа райы