Әзербайжанда ер адам абайсызда өз әкесін өлтіріп алған

7 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Қайғылы оқиға елдің Билясувар ауданында болды.

6 наурыз күні сағат 21:00 шамасында Тезекенд ауылында 30 жастағы Эйваз Багырлы өз үйінде абайсызда қарудан оқ атып қалған. Оқ оның әкесі Игбал Багыровқа тиген, деп хабарлады turkystan.kz.

Салдарынан И.Багыров ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол қайтыс болды.

Эйваз Багырлы ұсталып, одан құжатсыз, нөмірі өшірілген ИЖ-58 маркалы аңшы мылтығы алынды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

 

Тэгтер:

Әзербайжан әке мылтық