Алматы әуежайында ер адам әуежайда жұмыс істейтін әйел адамды кепілге алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әйел адамды шашынан ұстап алып, пышақпен қорқытқан.
«Сағат 11:45-те ішкі рейстер терминалында тексеретін жерге жолаушы ретінде ер адам келген. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері одан құжаттарын сұраған. Сол кезде ол қызметкердің шашынан ұстап алып, пышақпен қорқытуға көшкен. 7 минуттан кейін оның қаруы алынды. Қазір ол полиция бөлімшесінде», - делінген әуежай хабарламасында.