Шекарадан есірткіні дронның көмегімен өткізбек болғандар іздестіріліп жатыр

6 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Әлемдік БАҚ есірткі тасымалдаушылардың айрықша тәсілі жайында ақпарат таратты.

Әзербайжан шекарашылары Иранмен шекарада есірткі тасымалдайтын дронды атып түсірді, деп хабарлады turkystan.kz.

4 наурызда Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметінің шекара бөлімшесі "Гёйтепе" қызметтік аумағында дронның көмегімен Әзербайжан еліне 515 грамм героин әкелушілердің әрекеті тоқтатылды.

Осы оқиға бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.

 

Тэгтер:

Есірткі Әзербайжан шекара иран дрон