Қарағанды облысында екі есепші 15 жыл бойы өздеріне заңсыз ақша аударып келген

6 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Қазақстан Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Қарағанды облысының білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.

«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», - деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Тэгтер:

жалақы Қарағанды Есепші