Алматы облысында 30 үйдің ауласын су басты (ВИДЕО)

6 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот
Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника шақырылды.

6 наурыз күні сағат 08:25 шамасында Алматы облысы Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған.

Апат салдарынан 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.

«Қорғаныс бөгеттерін нығайту, сондай-ақ ағынды суларды тұрғын үйлерден бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады облыстық әкімдік.

Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника шақырылды.

Тэгтер:

Алматы облысы су басу аула