Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер 6 наурызда ел өңірлеріндегі ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайдs "Қазгидромет"РМК.
Болжамға сүйенсек, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ел аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронтальды бөліктердің салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: солтүстікте, шығыста қар жауса, батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауады, - деп атап өтті компаниядан.
Сондай-ақ синоптиктер бүкіл ел аумағында тұман, жаяу бұрқасынның жүруі, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс жалпылама сипатқа ие болады деп болжады.