Атырау облысында 10 мұнайшы қар құрсауында қалып қойды

5 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Зардап шеккендер жоқ.

Қызылқоға ауданында Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде Урал автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлады turkystan.kz.

Көмекке ТЖМ қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты.

Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүріп, құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Атырау Қар