Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

5 наурыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com

4 наурызда Әзербайжанның сейсмикалық қызметі Каспий теңізінің жер қыртысында 14 шақырым тереңдікте жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tyrkystan.kz.

Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері Баку уақытымен 04:03-те тіркелген.

Координаталары: 40,41 N, 51,59 E.