Павлодар облысында 43 жастағы әйел жоғалып кетті

4 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
Әйел 2025 жылы 26 ақпан күні Желтоқсан көшесі, 5 мекенжайынан шығып, белгісіз бағытта кеткен

Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, әйел 2025 жылы 26 ақпан күні Желтоқсан көшесі, 5 мекенжайынан шығып, белгісіз бағытта кеткен, деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Байланысқа шықпайды.

Мәдина Шәріпова 1982 жылы 21 қарашада дүниеге келген.

Бойы 160 см, көздері мен шашы қара.

 

Тэгтер:

Павлодар облысы