Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

4 наурыз, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda
Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.

Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.             

Тэгтер:

Әкім Түркістан облысы Ақорда