Алаяқтың құрбаны болсаңыз ақшаңызды қалай қайтаруға болады?

4 наурыз, 2025 / Админ
istockphoto.com
Прокуратура жауап берді.

Алматы прокурорлары «дропперлер» келтірген залалды өтеу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Дроппер» - бұл алаяқтардың құрбаны. Алаяқтар оны ақша алу үшін пайдаланады. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.

Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген.

 Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:

- қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;

- жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;

- банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;

- шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).

 Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар.

Прокуратура азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Тэгтер:

Алаяқдроппер