Анна Данилина Мексикадағы ірі жарыстың финалында есе жіберді

3 наурыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Бір сағат 53 минутқа созылған бәсекеде отандасымыз жұбымен бірге жеңіліп қалды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Мерида (Мексика) WTA 500 турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева финалда Польша өкілі Катажина Питер — мысырлық Маяр Шерифпен шеберлік байқасты. Матч тартысты өтіп, 7:6 (7:2), 7:5 есебімен Питер /Шериф жеңіске жетті.

Бір сағат 53 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина — Хромачева эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Тэгтер:

теннис финал