Күнделікті сыра ішу миды 10 жылға қартайтады

3 наурыз, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Күніне екі саптыаяқ сыра ішу миды 10 жылға қартайтады. Ғалымдар 36 мың МРТ нәтижесін зерттеп, сыраның ми құрылымына зиян келтіретінін және оның көлемін азайтатынын анықтады.

Зерттеу нәтижелері бойынша:

Бұл процесс бірқалыпты емес: адам сыраны неғұрлым көп ішсе, соғұрлым ми тезірек бұзылады.

Зерттеу Пенсильвания университетінің ғалымдары жүргізген ауқымды жұмысының нәтижесі. Олар Ұлыбританияның биобанкіндегі 36 678 адамның МРТ нәтижесін зерттеген. Бұған дейінгі зерттеулер көбінесе созылмалы ішімдікке тәуелділерге бағытталған болатын. Алайда жаңа деректер аз мөлшердегі алкогольдің де миға кері әсер ететінін көрсетті.

Тэгтер:

зиян ми сыра