Ақтөбе облысында жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты

2 наурыз, 2025 / Алуа Арман
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ

ТЖМ баспасөз қызметі құтқарушылардың автобустан 33 өзбекстандық жолаушыны эвакуацияланғанын хабарлады.

Түнде Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауылынан 40 шақырым жерде, жабық тұрған «Самара – Шымкент» тас жолының учаскесінде «Уфа – Самарқанд» бағытындағы жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты.

ТЖМ қызметкерлері 33 Өзбекстан азаматын вахтовкамен қауіпсіз, ашық жол учаскесінде тұрған ауыстырылған автобусқа жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

Ақтөбе облысы