Қатарынан тоғыз ойында жеңілген «Барыс» жеңіске жетті
Бүгін Құрлықтық хоккей лигасында кезекті матчтар өтті.
Астаналық «Барыс» сырт алаңда тольяттилік «Ладаны» 3:2 есебімен жеңіп, тоғыз ойынға созылған жеңіліс сериясын тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл кездесуде «Барыс» құрамындағы Кирилл Панюков пен капитан Роман Старченко ерекше көзге түсті. Ал шешуші буллитті Адиль Бекетаев сәтті орындап, командасына жеңіс әкелді.
Бұл «Барыстың» маусымдағы буллит сериясындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін астаналық команда үш рет 2:3 есебімен жеңіліп қалған болатын.