Түркістан облысында оқушы көз жұмды

28 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: istockphoto.com
Түркістан облысында тағы да оқушы көз жұмды.

Бәйдібек ауданында 10-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлады turkystan.kz «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Әзірге оның мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Қазір қайғылы жағдайдың толық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаға байланысты ҚК 105-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс облыс прокуратурасының бақылауында.

Тэгтер:

оқушы суицид Түркістан