Жаңалықтар

Телеарнадағы бағдарламаларда букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салынды

сурет ашық дереккөзден алынды

Туризм және спорт министрілігі жария етті.

Туризм және спорт министрлігі интернеттегі букмекерлік кеңселердің жарнамасына қатысты шаралар қабылданғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жария етті.

«Жарнама туралы» Заңға сәйкес, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалауға тыйым салынған. Букмекерлік кеңселердің жарнамасын тек уәкілетті органда тіркелген және спорт тақырыбына маманданған бұқаралық ақпарат құралдарында ғана орналастыруға рұқсат етіледі. Сонымен қатар телеарналардағы спорт айдарларында немесе бағдарламаларында да букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға рұқсат жоқ. Осыған байланысты, жүргізілген талдау нәтижесінде ("Internet Portal Nur" ЖШС) сайтында букмекерлік кеңселердің жарнамасы заңсыз орналастырылғаны анықталды. Бұл факт бойынша іс сотқа жолданып, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты порталдың заң бұзғанын растады. 2025 жылдың ақпанында апелляциялық шағым қаралып, бастапқы сот шешімі өзгеріссіз қалды. Министрлік бұл жағдайды құқықтық прецедент ретінде қарастырып, осындай заң бұзушылықтарға жол берген бұқаралық ақпарат құралдарына әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертеді. Сондай-ақ жарнама саласындағы заңнаманың орындалуын бақылауды жалғастырып, барлық жарнама таратушыларды қолданыстағы талаптарды сақтауға шақырады.